Жаңа оқу жылы қарсаңында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында қауіпсіздік шаралары жөніндегі тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Өткізілген сабақтар барысында қару-жарақ және әскери техникамен жұмыс істеу ережелеріне, медициналық көмек көрсету және өртпен күрес тәртібіне назар аударылды.
Институттың автомобиль техника паркінде қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша оқу орындары құрылып, арнайы құралдармен жабдықталды.
Сабақ жетекшілері жеке құраммен теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді.
Сабақ барысында әр оқу орнының жетекшілері институт жеке құрамына жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды дұрыс қолдану, алғашқы медициналық көмек көрсету, сонымен қатар дене дайындығы, шаруашылық жұмыстарды жасау мен өртке қарсы кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
— Институтта жаңа оқу кезеңінің алғашқы күні жеке құрамға қауіпсіздік шаралары жөнінде тәжірибелік сабақтар өткізілуден басталды. Барлық дәрежедегі командирлердің жеке жауапкершілігі бағыныстағы жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін жасау бойынша жарғылық міндеттерді барлық лауазымды адамдармен орындау болып табылады. Өткізілген сабақтардың негізгі мақсаты: институттың жеке құрамының өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін құру болып табылады. Осы сабақтар барысында алған білімін күнделікті тыныс-тіршілікте қолданады, — деп әскери институт бастығының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Мырзағали Дарбишев атап өтті.