You are currently viewing Президенттің кеңесшісі Алматы қаласындағы әскери институтқа барды

Президенттің кеңесшісі Алматы қаласындағы әскери институтқа барды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы мырза жұмыс сапарымен барды. 

Әдеттегідей институтқа келген барлық қонақтардай Малик Отарбаев тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  

Әскери институттың негізгі бағыттарымен және оның оқу-материалдық базасымен институт бастығының бірінші орынбасары полковник Жәнібек Саргазин таныстырды.

Институттың құрылу тарихының қызықты фактілері туралы қонаққа бірегей экспонаттар мен мұрағаттық құжаттар жиналған Тарихи мұражайында егжей-тегжейлі айтылды.

Әңгіменің негізгі тақырыбы 2025 жылдың 14 наурызында өткен IV Ұлттық Құрылтайда талқыланған мәселелерді нақтылау болды. Әңгіме барысында Президенттің кеңесшісі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан бастамалары мен нұсқауларын түсіндіріп жеткізді. Сонымен қатар, ол Президент өзінің баяндамасында маңызды гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық жобалар мен бірқатар маңызды заңнамалық нұсқаулар туралы айтқаның атап өтті.

Әскери институт ұжымы қонаққа жастарды қолдау және әскери білім беру саласына назар аударғаны үшін алғыс білдірді.