Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-материалдық базасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу жоспарларына, оқыту бағдарламалары мен қазіргі заманғы әдістемесіне, ғылыми зерттеулерді орындауға және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға сәйкес барлық мамандықтағы әскери кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге арналған материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешенін білдіреді.
Институттың оқу-материалдық базасының негізгі элементтері:
— кітапхана;
— оқу-жаттығу кешендері;
— оқу-зертханалық база;
— мәдени-демалыс орталығы;
— жалпы әскери және дене шынықтыру дайындығының кешендері;
— институт мұражайы;
— оқу орталығы.