Құрлық әскерлері Әскери институты

курсанттарының әскери-ғылыми

қоғамы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының әскери-ғылыми қоғамы туралы ережесі Құрлық әскерлері Әскери институтында курсанттарды ғылыми қызметке қатыстыру, ғылыми ой өрісін кеңейту, олардың шығармашылық ойлауы мен зерттеу жұмысы дағдыларын  дамыту, әскери-ғылыми зерттеу әдістемесінің негіздерін оқып білу, әскери-ғылыми жұмысты ұйымдастыру және өткізу мақсатында кафедаралар профессорлық-оқытушылар құрамына, сонымен қатар институт курсанттарының ғылыми жұмыстарының ғылыми жетекшілері мен кафедралардың әскери-ғылыми қоғамдарының жетекшілеріне арналып жасалған.

1. Қолдану саласы

  1. Бұл ереже институтта курсанттардың әскери-ғылыми жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге, сонымен қатар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының әскери-ғылыми жұмысының ғылыми жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету үшін жасалған. 

2. Нормативті сілтемелер

  1. Бұл ережеде келесідей нормативті құқықтық құжаттардың талаптары сақталған:

— Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV ҚРЗ;

— Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 28 қарашасындағы № 1131 «Қорғаныста ғылыми қамтамасыз етуді ұймдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Бұл ереже институттың барлық кафедраларының жұмыстары барысында басшылыққа алынуы қажет. 

3. Белгілер мен қысқартулар

Бұл ережеде келесідей қысқартулар қолданылған:

— ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;

— ҚӘ ӘИ – Құрлық әскерлерінің Әскери институты;

— ПОҚ – профессорлық-оқытушылар құрамы;

— ҒЗБ – ғылыми-зерттеу бөлімі.

4. Жауапкершілік және өкілеттік

4.1 ҚӘ ӘИ курсанттарының әскери-ғылыми қоғамы туралы ережені жасау жауапкершілігі мен өкілеттігі, онымен келісу, күшіне енгізу келесідей түрде жүзеге асырылады: 

— ереженің жасалуына, атап айтқанда оның мазмұнына, құрылымына, рәсімделуіне, бекітілуі мен енгізілуіне институт бастығының бірінші орынбасары (оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі) – басқарма бастығы мен профессор — ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы жауапты; 

— ереженің жобасын институт бастығының бірінші орынбасары (оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі) – басқарма бастығымен, заң қызметінің бастығымен келісіледі және ҚӘӘИ Ғылыми кеңесінің отырысында қарастырылады.

5. Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері

5.1 Әскери-оқу орындарындағы әскери-ғылыми қоғамы курсанттардың әдістемелік дайындығын көтеруді, олардың шығармашылық ойлауы мен зерттеу жұмыстарының дағдыларын дамытуды, әскери-ғылыми зерттеу әдістерінің негіздерін зерделеуді жүзеге асыратын және әскери-ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді алғышартты мақсат ететін өзіндік ұйым болып табылады.

Әскери-ғылыми қоғамның әрекеті Әскери-оқу орындарының оқу үдерісімен және әскери-ғылыми жұмыс міндеттерімен тығыз байланыста болуы қажет.

5.2 Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының негізгі міндеттері:

  • әскери-ғылыми шығармашылыққа қызығушылықтарын қалыптастыру, ғылыми-техникалық міндеттерді өз бетімен шешудің әдістемесі мен тәсілдерін және ғылыми ұжымдарда жұмыс істеуге үйрету;
  • шығармашылық ойлауы мен өз бетімен әрекет етуін дамыту, оқу барысындағы алған білімдерін тереңдету мен бекіту;
  • неғұрлым дарынды және талантты курсанттарды анықтау, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттерін әскери ғылымның өзекті мәселелерін шешу үшін пайдалану;
  • жеке құрамды оқыту саласында инновациялық технологияларды жасау және енгізу, қару-жарақты, әскери техника мен оқу-материалдық базасын  жетілдіру;
  • неғұрлым қабілетті және үлгерімі жақсы курсанттар арасынан ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлардың резервін дайындау;
  • әскери-ғылыми және әскери-техникалық білімдерді танымал ету, әскери-патриоттық жұмыстарды жүргізу.

6. Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмыс

мазмұны мен негізгі түрлері

6.1 Кіші курстардың курсанттары әскери-ғылыми қоғамның ұйымдастырылуы мен міндеттерімен танысады, әскери-ғылыми зерттеу әдістемелерін зерделейді, өзіндік зерттеу жұмыстарының бастапқы дағдыларын меңгереді.

6.2 Жоғары курстардың курсанттары институттың әскери-ғылыми қоғамының отырыстарында зерттеу нәтижелерін баяндау үшін таңдалынып алынған тақырыптар бойынша жүргізген өзіндік зерттеу жолдарының ғылыми әрекет дағдыларын жетілдіреді. Қоғам мүшелерінің ғылыми жұмыстарының бағыты кафедраның тақырыптық жоспарларына дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ол әскери-оқу орнының әскери-ғылыми жұмысының міндеттерімен ұштастырылады.

6.3 Курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстарының негізгі түрлері:

  • институттың жоспарланған ғылыми жұмыстарын орындауға қатысу;
  • физикалық, әлеуметтік, танымдық үдерістер мен ұрыс әрекеттерін үлгілеу;
  • тағылымдама мен тәжірибеден өту барысында зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау;
  • әскери ғылымның өзекті мәселелері, гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың әскери келелі мәселелері бойынша ғылыми мақалалар, баяндамалар, мәлімдемелер мен рефераттар дайындау және олар бойынша әскери-ғылыми қоғамдардың отырыстарында, ғылыми семинарлар мен конференцияларда сөз сөйлеу;
  • өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстарға қатысу, оқытудың, тәрбиелеу мен бақылаудың техникалық құралдарын, қолданыстағы стендтер мен пішіндерді өңдеу және жасау;
  • институтта және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлемінде, сондай-ақ, ТМД елдерінде өткізілетін үздік ғылыми жұмыстардың байқауларына қатысу.

7. Әскери-ғылыми қоғамның жұмысын ұйымдастыру

7.1 Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмысы институтта және оның бөлімшелерінде ұйымдастырылады, ал бірақ тікелей кафедраларда жүргізіледі, сол үшін олар да институттың қажеттілігіне қарай анықталған әскери-ғылыми қоғамдар құрылады.  

7.2 Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмысы сабақ барысында да, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылады және өткізіледі. Сабақ барысында әдетте жеке жоспарлар бойынша үлгерімі жақсы курсанттармен жүргізіледі. Ол сондай-ақ зертханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобалар, тапсырмалар), бітіру біліктілік жұмыстарын, зерттеу сипатына ие басқа оқу сабақтарының түрлерін қарастыруы мүмкін. Сабақтан тыс уақытта бекітілген күн тәртібімен әскери-ғылыми қоғамдардың, конструкторлық, жобалық, ақпараттық, экономикалық және аударма бюросының, семинарлар, шеберханалар мен басқа да курсанттардың шығармашылық ұжымдарының жұмыстары ұйымдастырылады.

7.3 Жеке өтініш негізінде оқу бағдарламасын табысты меңгерген және әскери-ғылыми жұмысқа қатысуға тілек білдірген кез келген курсант әскери-ғылыми қоғамының мүшесі бола алады. Әскери-ғылыми жұмысқа белсене қатысу – үздік диплом мен алтын медальды алуға қажетті мүмкіндіктің бірі болып табылады.

8. Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмысына жетекшілік ету

8.1 Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмысына жалпы жетекшілік ету институт бастығының бірінші орынбасарына (оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі) – басқарма бастығына жүктеледі және оның жұмысы ғылыми-зерттеу бөлімі, сондай-ақ кафедралардың бастықтары арқылы жүзеге асырылады.

Әскери-ғылыми қоғам жұмыстарына тікелей басшылық жасау үшін кафедраларда оқытушылар құрамы арасынан ғылыми жетекшілер тағайындалады. Ғылыми жетекшілер қоғам мүшелерінің мүдделері, жеке қабілеттері мен бейімділіктерін ескере отырып жұмыстарын жүзеге асырады. Оқытушылар арасынан тағайындалған ғылыми жетекшілерге курсанттардың әскери-ғылыми қоғамын басқару үшін ғылыми жұмысқа бөлінетін жалпы уақытынан бір курсантқа есептегенде реферат жұмыстарына 10 сағатқа дейін, эксперименттік жұмыстар жасауға 30 сағатқа дейін бөлінеді.

8.1.1 Ғылыми-зерттеу бөліміне:

– институт көлемінде курсанттардың әскери-ғылыми жұмысын ұйымдастыру, оның жағдайын бақылауға алу;

– қоғамдардың жұмыстарына жетекшілік етуді жүзеге асыру және оларға тәжірибелік көмек көрсету;

– ғылыми жетекшілердің жұмысы бойынша тәжірибе алмасу үшін семинарлар мен әдістемелік жиындар өткізу;

– курсанттардың ғылыми конференциялары мен семинарларын, сондай-ақ ғылым мен техниканың маңызды жетістіктері бойынша мәлімдемелер, лекциялар мен баяндамаларды ұйымдастыру;

– курсанттардың ғылыми жұмысының оңтайлы тәжірибесін зерделеу, талдап қорыту және кеңейту;

– оқу жылына арналған институт курсанттарының әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспарын жасау;

– институт бастығының курсанттардың әскери-ғылыми жұмысының нәтижелері мен міндеттері туралы, жоғары оқу орнының өзінде және жоғары оқу орындары арасында «курсанттардың үздік ғылыми жұмысы» байқауын өткізу туралы, курсанттардың әскери-ғылыми жұмысын бақылау мен нәтижелерін дайындау бойынша комиссия құру туралы, курсанттардың әскери-ғылыми жұмысын жоспарлау мен өткізу бойынша әдістемелік ұйымдастыру нұсқаулары мен басқа да құжаттар туралы  бұйрықтарының жобасын дайындау жүктеледі;

– курсанттардың ғылыми жұмысын жоғары оқу орындары арасындағы «үздік ғылыми жұмыс» байқауына дайындау және ұсыну;

– қоғам алдыңғы қатарлы тәжірибелерін кеңейту және көпшілікке тарату;

– курсанттардың ғылыми жұмысы мен қорытынды шығару мәселелері қарастырылатын семестріне бір реттен кем емес отырыс өткізу жүктеледі.

      1. Кафедра бастықтарына:

– кафедраның әскери-ғылыми қоғамының жұмысына жалпы жетекшілік жасау;

– кафедра отырысында талқылағаннан кейін оқу жылына арналған ғылыми қоғамдардың жұмыс жоспарларын қарастыру және бекіту;

  • курсанттардың ғылыми жұмыстарын институт ішіндегі «үздік ғылыми жұмысы» конкурсына дайындап ұсыну;
  • курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстарының жағдайын кем дегенде семестріне бір рет кафедра отырысында талқылау;  
  • курсанттардың әскери-ғылыми жұмысының нәтижелерін талқылау бойынша ғылыми семинарларды, кафедра отырыстарын өткізу жүктеледі.

8.1.3 Кафедра доцентіне:        

– курсанттардың әскери-ғылыми қоғамдарын құру және оларға басшылық жасау;

– оқу жылына арналған кафедраның әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспары мен курсанттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптарын жасау;

– қоғамдардың ғылыми жетекшілерін тағайындау және олардың жұмыстарын бақылау;

– курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстары бойынша ғылыми конференциялар, семинарлар, ғылыми мәлімдемелер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жетекшілік ету;

– әр түрлі байқауларға курсанттардың ғылыми жұмыстарын ұсыну;

– өткен оқу жылындағы курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстарының нәтижелеріне қорытынды жасау және жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді анықтау; 

– әскери-ғылыми қоғамның жұмысына қатысатын курсанттарды есепке алу;

– әскери-ғылыми қоғам мүшелері – курсанттардың орындаған, сондай-ақ байқауға ұсынылатын әскери-ғылыми жұмыстарын есепке алу;

– ғылыми қоғамдарға курсанттардың қатысуын және олардың ғылыми жұмыс бойынша тапсырмаларын уақытылы орындауын бақылауға алу жүктеледі.

8.1.4 Ғылыми жетекшіге:

  • қоғам мүшелерінің әскери-ғылыми зерттеудің әдістемесін меңгерулеріне, ғылыми жұмыс тақырыптарын таңдауға және айқындауға, зерттеу мәселелерін анықтауға, тақырыпты өңдеу жоспарын құрастыруға, әдебиеттерді таңдауға көмек көрсету;

– қоғамның әр мүшесінің жеке жоспарын қарастырып бекіту және осы жоспардың орындалуын бақылау;

– курсанттардың орындаған ғылыми жұмыстарына сыни пікір беруге және оларды талқылауға қатысу;

– баспасөз беттеріне жариялауға немесе байқауға ұсынылған жұмыстарды түзету;

– әскери тағылымдамаға баратын қоғам мүшелеріне зерттеуді қажет ететін мәселелер бойынша тапсырмаларды анықтау, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін тыңдау;

– қоғам жұмысына белсенді қатысқан және ғылыми жұмыстарды сапалы орындайтын курсанттарды мараппаттауға ұсыну жүктеледі.

8.2 Әскери-ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру жұмыстарын орындау және қызметтерін есепке алу үшін оның мүшелерінің жалпы жиналысында қоғам жетекшілерінің арасынан бір жылға кафедраның әскери-ғылыми қоғамының төрағасы сайланады. Қоғам жұмысына жалпы жетекшілікті кафедра доценті жүзеге асырады. Ол институттың әскери-ғылыми қоғамымен тікелей байланыста болады және әскери-ғылыми жұмыстың мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты қоғам мүшелеріне уақытылы хабарлап отырады.

8.3 Институт курсанттарының әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспары институттың ғылыми-зерттеу бөлімінде жасалады. Оның мазмұнында ғылыми конференциялар, семинарлар, лекциялар мен баяндамалардың орындалу мерзімі, сонымен қатар кафедралардағы курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары көрсетіледі.

Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспарлары мен атқарылатын жұмыстарды есепке алу журналын жүргізу кафедраларда орындалады. Журнал мазмұнында қоғам мүшелерінің тізімі мен өткізілген шаралар туралы мәліметтер, байқауға ұсынылған ғылыми жұмыстар, өнертапқыштық және өнертабыстық бойынша ұсыныстарға берілген тапсырыстар көрсетілген.

9. Әскери-ғылыми жұмыста белсенділік танытқан курсанттарды ынталандыру түрлері

9.1 Әскери-ғылыми қоғамның мүшелері – курсанттардың әскери-ғылыми жұмысының нәтижелері жыл сайынғы кафедраның ғылыми жұмыстары бойынша есебінде, ал негізгі жетістіктері институттың жұмыстары туралы есебінде көрсетіледі. Курсанттар әскери-ғылыми жұмысты орындаушылардың тізіміне енгізіледі және оларға барлық авторлық құқық беріледі.

Әскери-ғылыми жұмыста жоғары нәтижелерге жеткен курсанттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының Жарғыларына сәйкес мадақталады, олардың шығармашылық іс-әрекеттерге белсенді атсалысқандары қызметтік аттестацияларда (мінездемелерде) белгіленеді.

9.2 Кафедра бастығының шешімімен әскери-ғылыми қоғамының мүшелері – курсанттардың кейбір жұмыстары курстық жұмыс (жобалар, тапсырмалар) ретінде есептелуі мүмкін, сонымен қатар олардың авторлары сәйкес оқу пәнінен дұрыс баға қою арқылы емтиханды тапсырудан белгіленген тәртіп бойынша босатылады.

10. Негізгі жоспарланатын, есепке алынатын және есеп беретін құжаттар

Әскери-ғылыми қоғамның құжаттары институттың әскери-ғылыми қоғамы туралы ереженің негізінде жасалады. Әскери-ғылыми қоғамдар мамандарды дайындау бағдары мен біліктілігіне сәйкес құрылады.

Ғылыми-зерттеу бөлімінде:

  • институт курсанттарының әскери-ғылыми қоғамының жұмысы туралы ережесі;
  • институт курсанттарының әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспары;
  • институт пен кафедралар бойынша жалпы ғылыми қоғамдар мен әскери-ғылыми қоғамға кіретін курсанттардың санын есепке алады, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттарды жасайды.

10.1 Кафедраларда келесі құжаттар жүргізіледі:

  • оқу жылына арналған кафедра курсанттарының әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспары;
  • кафедрадағы әскери-ғылыми қоғамның мүшелері – курсанттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптары;
  • курсанттардың әскери-ғылыми қоғамында жүргізілетін сабақтардың тақырыптары;
  • кафедрадағы әскери-ғылыми қоғамының мүшелері мен олардың ғылыми жетекшілерінің тізімі;
  • кафедра курсанттарының әскери-ғылыми қоғамының ғылыми іс-шараларын өткізу жоспары;
  • кафедрадағы әскери-ғылыми қоғамының мүшелері – курсанттардың ғылыми жұмыстарды, өнертапқыштық пен өнертабыстық жұмысты орындауға және байқауларға қатысулары туралы мәліметтер;
  • кафедрадағы курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмысын есепке алу журналы;
  • әскери-ғылыми қоғамы отырысының хаттамалары.

10.2 Курсанттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптарын қоғамдардың ғылыми жетекшілері жасайды, олардың қорытынды жиналыстарында, кафедра отырысында талқыланады. Содан кейін кафедра бастығымен бекітіледі.

10.3 Алдағы оқу жылына арналған кафедраның әскери-ғылыми қоғамының курсанттармен жүргізетін жұмыс жоспарын курсанттардың әскери-ғылыми қоғамы бар барлық кафедралар жасайды. Кафедрадағы курсанттардың әскери-ғылыми жұмысының жоспарына қосымша кафедраның ерекшелігі мен орындайтын міндеттерін негізге ала отырып институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің нұсқаулары негізінде құрылған әскери-ғылыми зерттеу әдістемесі бойынша курсанттармен жоспарланып жүргізілетін сабақтардың тақырыптары жасалады.  

10.4 Қоғамдарда әскери-ғылыми қоғамның мүшелері – курсанттардың жеке жұмыс жоспарлары мен олардың жұмыстары есепке алынады. Жұмыстарды есепке алу журналын әскери-ғылыми қоғамдардың төрағалары жүргізеді. Оның ішіне кіретіндер: 

  • қоғам мүшелерінің тізімі мен қатысуы туралы есебі;
  • әскери-ғылыми қоғамның мүшелері – курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстарының орындалу есебі;
  • байқауларға ұсынылған ғылыми жұмыстар туралы мәліметтер;
  • өнертапқыштық және өнертабыстық ұсыныстарға берілген тапсырыстар туралы мәліметтер;
  • әскери-ғылыми қоғам жиналыстарының хаттамалары.

10.5 Ғылыми еңбектер жасайтын курсанттар жұмыстарының жоспарын жасайды, ол қоғамның ғылыми жетекшілерімен бекітіледі.    

11. Курсанттардың әскери-ғылыми жұмысын жоспарлау мен өткізу бойынша әдістемелік ұйымдастыру нұсқаулары

11.1 Курсанттардың әскери-ғылыми жұмысын ұйымдастыру мен өткізу үшін осы ереже мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ оқу жылына арналған институт курсанттарының әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспарын басшылыққа алу қажет. 

11.2 Кафедрадағы курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспарында семинарлардың, конференциялардың, лекциялар мен баяндамалардың, ұйымдастыру және есеп беру жиналыстарының, жұмыстың жағдайы мен нәтижелерін талдау, байқаулар өткізу және басқа да іс-шаралардың тақырыптары мен өткізу мерзімдері мақсатқа сәйкес көрсетілуі керек.  

11.3 Курсанттардың орындайтын ғылыми жұмыстарының тақырыбы кафедраның ғылыми жұмысымен, курсанттардың мүддесімен тығыз үйлестірілуі және олардың оқу жоспарының пәндерін, Қарулы Күштерді, әскери өнерді, жеке құрамды оқыту мен тәрбие беру мәселелерін дамытуды және оларды шешу жолдарын неғұрлым терең зерделеуіне мүмкіндік туғызылуы қажет.

11.4 Жоспарланған сабақтардың тақырыптары қыркүйек айында жасалуы қажет және кафедраның әскери-ғылыми қоғамының қыркүйек айында өткізілетін отырысында талқылауға шығарылуы керек. Содан кейін тақырыптар кафедраның отырысында қарастырылып оның бастығымен бекітіледі және бір нұсқасы институттың ғылыми-зерттеу бөліміне ұсынылады.

11.5 Курсанттар ғылыми жетекшілерінің бақылауымен таңдалынып алынған тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді орындауы қажет және атқарылған жұмыстары үшін есеп берулері керек. Осы мақсатпен ағымдағы жылы байқауға ұсынылатын курсанттардың ғылыми жұмыстарын талқылау, баяндамаларды, қосымша баяндамалар мен әскери-ғылыми конференцияларда сөз сөйлеулерді талқылау жоспарланады. 

11.6 Кафедралар ғылыми-зерттеу бөліміне:

  • жаңа оқу жылына курсантардың ғылыми жұмыстарының атауларын 15-ші шілдеге дейін ұсынады;
  •  
  • 20-шы қыркүйекке дейін осы ережедегі үлгілер бойынша кафедраның әскери-ғылыми қоғамының жұмыс жоспарын ұсынады;
  • 20-шы қыркүйекке дейін осы ережедегі үлгілер бойынша ғылыми қоғамдардың саны мен құрамы, қоғамдардың төрағалары мен олардың ғылыми жетекшілері туралы мәліметтер ұсынылады;
  • әскери-ғылыми қоғамдардағы курсанттардың жұмыстарын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының күн тәртібіне сәйкес сәрсенбі күндері (16.50-17.30) өткізіледі;
  • осы ережедегі үлгі бойынша конференцияның өтетін күнінен 7 күн бұрын кафедрада өткізілетін конференцияның жоспары өткізіледі;
  • өткізілген конференция (семинар, викториналар, дөңгелек үстел, пікірсайыстар) туралы есеп ғылыми-зерттеу бөліміне конференция өткізілгеннен кейін 7 күннен асырмай өткізіледі;
  • 30 қаңтарға дейін ғылыми-зерттеу бөліміне институтта өткізілетін байқауға қатысу үшін кафедрада өткізілген курсанттардың әскери-ғылыми жұмыстары байқауының материалдары ұсынылады;
  • 30-шы наурызға дейін оқу жылындағы кафедра курсанттарының әскери-ғылыми қоғамдардың атқарған жұмыстары туралы есеп өткізіледі.
  • до 30 января представляется в научно-исследовательский отдел материалы проведенного конкурса военно-научных работ курсантов на кафедре для участия в конкурсе института;

 

12. Үздік ғылыми жұмыс бойынша институт курсанттарының әскери-ғылыми жұмысы байқауын өткізу тәртібі

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтындағы курсанттардың әскери-ғылыми жұмысының байқауы үш кезең бойынша ұйымдастырылып өткізіледі:

  • бірінші кезеңде байқау кафедраларда өткізіледі. Курсанттардың ұсынылған жұмысын қарастыратын байқау комиссиясы кафедра бастығымен құрылады.

Институт байқауына қатысуға таңдалынып алынған жұмыстар белгілі ұранмен, А4 (210х297) пішіміндегі қағаздарда 1,5 жол аралығымен басылып орындалуы қажет.

Ғылыми-зерттеу бөліміне 30 қаңтарға дейін институт байқауына қатысу үшін тапсырыс, автор мен жұмыстың ғылыми жетекшісі туралы мәлімет, кафедраның байқау комиссиясының отырыс хаттамасы, сыни пікір мен курсанттың ғылыми жұмысы ұсынылады.

  • екінші кезеңде институт байқауы өткізіледі, онда институт бастығының бұйрығымен құрылған байқау комиссиясы республикалық байқауға қатысатын ғылыми жұмысты таңдап алады. 

Республикалық байқауға қатысуға таңдалынып алынған институт курсанттарының орындаған жұмыстары сырттай сыни пікірден өтеді және республикалық байқау комиссиясының мүшелерімен оқылады.