You are currently viewing Оқушылар әскери өмірмен танысты

Оқушылар әскери өмірмен танысты

Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағыттында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі басқармасының идеологиялық және әскери патриоттық бөлімінің аға офицері майор Бакшагуль Омарованың бастамасымен Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінің оқушылары институтта қонақта болып кетті. Ашық есік күні, әскери бөлімнің бақылау-өткізу пунктінен басталды, онда оқушыларды институт басшылығы қарсы алды.

     Ең алдымен, оқушылар институттың тарихымен институт мұражайында танысты, институт кафедраларында болды, курсанттардың казармаларына барып болашақ офицерлермен  әңгіме жүргізілді.

        Балалар әскери институтпен  танысып, мұнда Отан қорғаушы, болашақ офицер бейнесінде өзін-өзі жүзеге асыру мен дамуы үшін көптеген мүмкіндіктерді көре алғандарын айтты.

 

       Экскурсия соңында оқушылар әскери қызметшілерге пайдалы және қызықты болған кездесу үшін алғыстарын білдірді.