You are currently viewing Бүгін медбикелер, фельдшерлер, акушерлер өздерінің кәсіби мерекесі – Мейірімділік бикелері күнін атап өтуде.

Бүгін медбикелер, фельдшерлер, акушерлер өздерінің кәсіби мерекесі – Мейірімділік бикелері күнін атап өтуде.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының (ҚӘӘИ) медициналық пунктінің осы аяулы жандары – медбикелер мен фельдшерлер институт курсанттарының денсаулығын күзетуде. Олар – курсанттар бөлімшелерінің фельдшерлері. Дені сау курсант – осы кісілердің еңбегінің жемісі.
Өйткені, олар командирлермен қатар курсанттарға қамқорлық жасайды. Жаңбырда да, суықта да, ыстықта да олар болашақ офицерлердің денсаулығына шынайы жанашырлықпен қамқор болады. Олар әрдайым курсанттардың жанында. Курсанттармен бірге парашютпен секіруге шығады, бірге марш-шерулер жасайды, тау дайындығы кезінде курсанттармен қатар тау шыңдарын бағындырады, стадиондарда оларға жанкүйер болады. Бір сөзбен айтқанда – бұлар құрметке лайық жандар. Себебі олар тек медицинаны жетік біліп қана қоймай, сонымен қатар жоғары әскери дайындыққа да ие.
Бүгін ҚӘӘИ-дің бүкіл жеке құрамының атынан біздің фельдшерлерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!