«Алкоголь және есірткі қылмыстын қайнар көзі» акциясының аясында Алматы өңірлік әскери полиция басқармасының әскери полиция бөлімінің офицері капитан Нурлан Ахатай және атомобильдік полиция бөлімінң офицері капитан Данияр Досымбековтің ұйымдастыруымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтының әскери қызметшілерімен нарколог дәрігер Алексей Любушуинның қатысуымен «Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу — біздің қолымызда» атты дәріс өткізілді.
Кездесу барысында институттың әскери қызметшілеріне нарколог дәрігер Алексей Любушуинның есірткінің зияны жайлы, қолжетімді болуы, қалай күресі жайлы жанжақты, әсерлі әңгімелеп берді. Кешке қатысушылар есірткінің алдын-алудың жалпы мәселелерін талқылады.
Кештің соңында әскери полиция бөлімінің офицері капитан Нурлан Ахатай айтып өткендей «Жаман қылықтарға қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Әскери қызметшілер арасыда осыдай іс-шаралардың өтуі көп пайдасын алып келеді».