Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында «Әскери ғылымдарының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға ғалымдар, жоғары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Пленарлық отырыс пен секциялық отырыстар аралас форматта (офлайн және онлайн) өтті.
Пленарлық отырыста қатысушылар алдында: Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы полковник Бауыржан Ибатулин, әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты полковник Амангелді Тогусов, сондай – ақ шетелдік қонақтар- Қытай Халық-Азаттық Армиясы Әскери ғылымдар академиясының шетелдік әскери зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері аға полквоник Ли Шуин сөз сөйледі, Халықаралық Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры- Қожа Ахмет Яссауи атындағы түрік университеті, PhD докторы, доцент Суат Бэйлур (Түркия Республикасы).
Өз сөзінде институт бастығы полковник Бауыржан Ибатулин: «конференция барысында әскери ғылымдарын дамытудың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланатынын атап өтті. Конференцияға 150-ден астам баяндама, Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Түркиядан келген әскери оқу және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысып отырғаны жайлы айтып өтті.
Үш секциялық отырыста ұлттық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың бағыттары, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың аспектілері талқыланды.
Конференция барысында секциялық отырыстарда 150-ге жуық шетелдік және жергілікті спикерлердің баяндамалары тыңдалып, тәжірибе алмасты. Жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар өздерінің зерттеу жұмыстарын баяндамалар мен презентациялар түрінде ұсынды.
Конференция қорытындысы бойынша әскери ғылымды одан әрі дамыту жөнінде резолюция дайындалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, жаратылыстану және техникалық ғылымдар және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар салаларында ұсынымдар әзірленді. Конференция қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
ҚӘӘИ баспасөз қызметі