You are currently viewing Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз  десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.

Осы мерекелік күнді атап өті қарсанында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының 3 курс курсанттары институт жеке құрамына арнап “Ұлылардың Ұлысы — Абай” атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Іс шара барысында Ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, әндері орындалды.