Астана және Щучинск қалаларындағы әскери колледждердің түлектері Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының екінші курс курсанттарының қатарына тағайындалды.
Ағымдағы жылдан бастап Әскери колледждердің үздік түлектеріне Әскери институттардың екінші курсына оқуға түсуге мүмкіншілік пайда болды. Аталған мүмкіншілік Әскери колледж түлектерінің арасындағы оқуға түсуге тілек білдіргендердің үздіктері иеленеді.
Курсанттар Әскери колледжде бітірген мамандықтары бойынша әскери институтта оқуды жалғастырады.