You are currently viewing Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында ағымдағы жылдың шілде айының оқу процесінің, әскери тәртіптің және әскерлер қызметі нәтижелерінің қорытындысы шығарылды.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында ағымдағы жылдың шілде айының оқу процесінің, әскери тәртіптің және әскерлер қызметі нәтижелерінің қорытындысы шығарылды.

Кездесу барысында әскери мекеме басшылығы тапсырмаларды орындауды және білім беру, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын жүзеге асырудағы шынайы баға берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша үздіктер аңықталды. Қызметте үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілер атап өтіліп, грамоталармен марапатталды.

Үздік рота — 6 курсанттар ротасы, рота командирі майор Мүсірәлі Жарылқасын Тұрғаналіұлы;

Үздік курсанттар батальоны — 4 курсанттар батальоны, батальон командирі подполковник Алиев Ерік Серікұлы;

Үздік қамтамасыз ету бөлімшесі — материалдық-қамтамасыз ету батальоны, батальон командирі подполковник Уахитов Ерлан Советович;

Үздік кафедра — Атыс дайындығы кафедрасы, кафедра бастығы полковник Майлыбаев Асқар Орынбасарұлы.

Үздік басқарма — Тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасы.