Барлық әскерге шақырылушылар Түркістан облысынан шақырылған. Институтта жас толықтырудың келуіне барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі тағайындалды. Тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскерге шақырылушыларға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі және әскери істің негіздерін үйретеді. Медицина мамандары мен психологтар өз кезегінде әскерге шақырылушылардың моральдық-психологиялық қасиеттерін зерттейді. Медициналық және психологиялық тексеру нәтижелері негізінде, сондай-ақ әскери қызметке шақырылғанға дейін алынған мамандықтарды ескере отырып, жас сарбаздар «Али» оқу орталығының бөлімшелері бойынша бөлінетін болады.
Институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Оралбек Коканов атап өткендей: «Бір ай ішінде жас толықтырумен жалпы әскери даярлық курсы өткізіледі, оның барысында олар тактикалық, техникалық, атыс, дене шынықтыру және арнайы даярлық негіздерін зерделейді, ішкі қызметті ұйымдастыру бойынша функционалдық міндеттерді орындау бойынша бастапқы білім мен дағдыларды меңгереді. Курс аяқталғаннан кейін жас жауынгерлер салтанатты түрде әскери ант қабылдайды».