Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әкерлері

Әскери институтының Ғылыми кенесінің қызметі туралы

 ЕРЕЖЕЛЕР

1. Жалпы ережелер

1.1. Нақты Ғылыми кеңесінің қызметі туралы Ереже (Қағида) Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 22 қарашадағы № 574  бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындары Ғылыми кеңесі іс-қимылының типтік ережелері және оны сайлау тәртібі», сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 28  қарашасындағы №1131 «Қорғаныста ғылыми қамтамасыз етуді ұймдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығынына сәйкес әзірленген.

1.2. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әкерлері Әскери институтының Ғылыми кеңесі ол ұжымдық басқару, оның қызметі құзыретіне кіретін жариялық принципі және ұжымдық сұрақтарды талқылау мен негізделінеді.

1.3. Өзінің қызметінде Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Ережелермен және  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚӘӘИ жарғысымен басшылық етеді.

2. Құрам, Ғылыми кеңес құрылымы және сайлау тәртібі

2.1. Ғылыми кеңесінің төрағасы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚӘӘИ бастығы. Төраға орынбасары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚӘӘИ институт бастығының (оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі) орынбасары – басқарма бастығы. Төраға жоқ болған жағдайларда оның міндеттерін орынбасары орындайды.

2.2. Ғылыми кеңесінің құрамы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚӘӘИ жалпы жиналысында құпия дауыс беру жолымен 3 жылға сайланады және тақ сан мүшелерден тұрады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыс шешімімен оның құрамына жеке өзгертүлер еңгізілуі мүмкін.

 2.3. Хатшы Ғылыми кеңесінің құрамымен сайланады.

3. Ғылыми кеңесінің қызметтік мақсаттары

3.1. ҚӘӘИ профессорлық-оқытушылық құрамына және кәсіби оқұ бағдарламаларды сәтті орындау үшін қажетті шарттарды жасату.

3.2. Алқалы шешім қабылдаумен оқу-тәрбиелік үдіресін жетілдіру.

3.3. Ғылыми кадрларды дайындау және білімдерін арттыру сұрақтарын талқылау, ғылыми кадрларды дайындау жұмысы бойынша ғылымдардың баяндамаларын жүйелі тындау.   

3.4. ҚӘӘИ одан әрі дамуына қолдау көрсту.

4. Ғылыми кеңестің құзреті

4.1. ҚӘӘИ жарғысына қосымшалармен өзгертулер еңгізу.

4.2. ҚӘӘИ даму тұжырымдамаларын анықтау.

4.3. ҚӘӘИ оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеу қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі басты сұрақтар бойынша шешім қабылдау.

4.4. Институт бастығының, бағыттар бойынша орынбасарлардың,  құрылымды бөлімшелер жетекшелерінің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, информациялық, халықаралық қызметкер туралы жыл сайындық қорытындыларын тыңдау.

4.5. Кітаптар, оқұ және оқу-әдістемелік құралдарын басып шығаруға қарастыру және ұсыныс жасау.

4.6. ҚӘӘИ  қаржы қызметі туралы бойынша тыңдау.

4.7. Ғылыми, құрметті атақ және сыйақыларды бекіту және беру.

4.8.  ҚӘӘИ қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарын мемлекеттік марапаттарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы сұрақтарды қарастыру.

4.9. Келесі бағыттар бойынша оқушыларды ҚӘӘИ оқудан шығарылуы туралы сұрақтарды қарастыру:

үлгермеушілігі бойынша;

оқышудың жеке бастамашылығы бойынша;

жеке тәртіпсіздігі бойынша;

2012 жылғы 16 ақпанындағы Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңның 26 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес әскери қызметтен жағымсыз себептерге байланысты шығару.

4.10. Институттың ғылыми қызметіне байланысты басқада сұрақтар,  ҚӘӘИ ғылыми жұмыс жоспарының орындалуы Ғылыми кеңесінің әрбір отырысында қарастырылады.

4.11. ҚӘӘИ ағымдық қызметінің бойынша коллегиялық шешімдер қажетті жағдайда басқада сұрақтарды қарастыру.

5. Ұйымдастыру сұрақтар және жұмыс регламенті  

5.1. Құрлық әкерлері Әскери институтының ғылыми кеңес айында бір реттен кем емес бекітілген жоспарымен сәйкес өткізу, оқұ жылына арналған кеңестің жоспарымен, кезектен тыс отырыс қажетті болған жағдайда төрағаның шешімімен өткізіледі.

5.2. Ғылыми кеңестің шешімдері заңды болып саналады егер қатысқандар мүшелер саны 2/3 кем емес жағдайда. Мүшенің ғылыми кеңеске мүмкіндігі жоқ болса, Ғылыми төрағасы мен хатшысын күні бұрын ескертіп хабар беруге тиісті.

5.3. Ғылыми кеңестің шешімдері ашық дауыс арқылы беріледі және есепке қабылданады, егер Ғылыми кеңес отырысына қатысқан мүшелерінің көпшілік саны дауыс берсе.

5.4. Ғылыми кеңестің шешімдері хаттамамен ресімділеді, төрағасымен қол қойылады, төрағасының орынбасарымен және ғылыми кеңестың хатшысымен, кеңестің төрағасы жоқ болса орынбасарымен және ғылыми кеңестың хатшысымен ғана.  

5.5. Оқұ жылына арналған Ғылыми кеңес отырыстарының жоспары ғылыми хатшысымен әзірленеді, және институт бастығымен бекітіледі.

5.6. Қатысушы адам, сұрақтардың дайындылығына жауапты, жеті күннін ішінде пікір алысу бойынша аңықтамасын жасайды, және ғылыми хатшысына ұсынады:

1)  аңықтама, істі сұрақтың қысқа мерзімді баяндауы, негізгі ұсыныстар мен растау құжаттарымен;

2) негізгі сұрақ бойынша Ғылыми кеңестің отырысына шақырылған лауазымды адамдардың тізімі.

5.7. Ғылыми кеңес отырысына дер кезінде және сапалы материалдарды дайындау жауапты орындаушысына жүктеледі. Материалдарды дайындалуын бақылау жауапты орындаушысының тікелей бастығына жүктеледі.  

5.8. Ғылыми кеңес отырысында хаттама жүргізіледі, оның ішінде: Ғылыми кенес мүшелерінің қатысқан саны, күн тәртібі, баяндамашылардың  және талқылау барысындағы сөз алғандардың тегтері, сонымен қатар әр сұрақ бойынша баяндамалардың қысқа мазмұндары жазылады.

5.9. Ғылыми кеңес отырысының аяқталғаннан кейін хаттаманың жобасы және оның материалдары, ескертулер мен ұсыныстар Ғылыми кеңестің хатшысына өткізіледі, талқылау кезінде сөйлегендер келесі күннің соңына дейін басып шығарылған тезистерін өткізеді. Анықтамалар, тезистер хаттамаға қосымша тіркеледі.

5.10. Ғылыми кеңестің құжаттары Ғылыми кеңестің хатшысында үш жыл бойы сақталады, сақталу мерзімі өткен соң мұрағатқа өткізіледі.

6. Ғылыми кеңесі төрағасының міндеттері

6.1. Төраға Ғылыми кеңестің жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына, нормативті-құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 574  «Жоғары оқу орындары Ғылыми кеңесі іс-қимылының типтік ережелері және оны сайлау тәртібі» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 28  қарашасындағы №1131 қбпү «Қорғаныста ғылыми қамтамасыз етуді ұймдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығынына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 шілдесіндегі №490 бұйрығы «2017 жылғы 7 тамызындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің №419 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығу Ережелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» сонымен қатар осы Ережелеріне (Қағидаларына) сәйкес ұйымдастырады.

7. Ғылыми кеңестің хатшысы

7.1.  Ғылыми кеңестің хатшысы Ғылыми кеңес отырысының жоспарына сәйкес күн тәртібін дайындауға, Ғылыми кеңес мүшелері мен орындаушыларына күн тәртібін және алдағы Ғылыми кеңес отырысы туралы уақытында жуткізуге жауапты.

7.2. Ғылыми кеңестің хатшысы отырыс басталардан бұрын заңдық күші бар шешім қабылдау үшін төрағаға қатысушылардың керек саны туралы баяндайды (кворум).        

7.3. Ғылыми кеңестің хатшысы жүйелі түрде Ғылыми кеңестің шешімдерінің орындалуын тексереді және Ғылыми кеңес мүшелеріне қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарлайды.

7.4. Ғылыми кеңестің хатшысы Ғылыми кеңестің іс-қағаздарының жүргізілуіне жауапты.

8. Қорытынды ереже

8.1. Нақты Ереже (Қағида) Құрлық әскерлері Әскери институты Ғылыми кеңесінің жұмыс тәртібін реттейтін және Ғылыми кеңес қызметі туралы негізгі құжат болып табылады.