Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтында Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Институттың әскери қызметшілерінің отбастарымен жұмыс ұйымдастыру жөніндегі қызметінің жеке құрамы жоғарғы әскери оқу орнының әскери қызметшілерінің балаларына арнап қызықты мереке өткізді.
Салтанатты іс-шараның бірінші бөлімінде балалармен түрлі конкурстар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, шара барысында бүлдіршіндермен флешмоб биі ұйымдастырылып, соңынан балалардың қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама өтті.
«- Бала күлкісі — бақыттың басты өлшемі демекші, осындай іс-шаралардың өткізілуі балаларға тек қуаныш сыйлап қана қоймай, өскелең ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік пен достыққа беріктікті қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің институтта бұндай іс-шаралар жиі өтеді, институттың әскери қызметші қыздары бәрі бір ауыздан атсалысып тұрады. Бүгінгі мерекемізге көптеген еңбек сіңірген институттың әскери арулары: капитан Айжан Жасузаковаа, 3 сынып сержанты Айнур Саргазина, сержант Гульмира Мамбетова, психолог Ирина Афанасьева, инструктор Алия Ешингалиева. Сонымен қатар институттың әскери оркестірінің жеке құрамы өткен мерекелік қойлымға үлкен үлес қосып, көрермендерімізді қуантты, – деп атап өтті институттың отбасымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметінің бастығы Ляззат Каримова.
Балаларының жарқын жүздерін көрген ата-аналар, әскери қызметшілерге өз ризашылығын білдіріп, ел қорғаудағы істеріне сәттілік тіледі.
Аида Бектурова ҚӘӘИ баспасөз қызметі
Фото автордікі