Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының «Әли» оқу орталығында бірінші курс курсанттарымен бөлімшелердің жауынгерлік атуын өткізді.
Жауынгерлік атудың тақырыптары бөлімшенің күндізгі және түнгі кездегі шабуыл мен қорғаныстағы әрекеттерін жетілдіруден басталды. Сабақ өткізу барысында жеке құрамның дұрыс тактикалық әрекеттеріне, қаруды тиімді және дұрыс пайдалануына, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауына назар аударылды. Оқу орталығында жауынгерлік атуды тиімді өткізу мақсатында барлық қару-жарақтардан атыс жүргізуге мүмкіндік бар. Сабақ алдында жеке құраммен он оқу орнында нұсқаушы-әдістемелік сабақтар өткізілді. Әрбір курсант бөлімше командирі ретінде бөлімшені басқару, шешім қабылдау және нысанаға көздеуге дұрыс нұсқау беруді үйренуге бағытталған.
Жауынгерлік атыстар — бөлімшелердің ұрыстағы келісілген әрекет қимылдарын жетілдірудің соңғы кезеңі. Бұл оқу-жаттығулар әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік жағдайда оқыту деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.