You are currently viewing Қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде сабақтар өткізілді

Қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде сабақтар өткізілді

Жазғы оқу жылы қарсаңында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық

әскерлері Әскери институтында қауіпсіздік шаралары жөнінде сабақтар өткізілді.

Өткізілген сабақтар барысында қару-жарақ және әскери техникамен жұмыс істеу ережелеріне, медициналық көмек көрсету және өртпен күрес тәртібіне назар аударылды. Институттың автомобиль техника паркінде қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша оқу орындары құрылып, арнайы құралдармен жабдықталды. Сабақ жетекшілері жеке құраммен теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді. Сабақ барысында әр оқу орнының жетекшілері институт жеке құрамына жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды дұрыс қолдану, алғашқы медициналық көмек көрсету, сонымен қатар дене дайындығы,

шаруашылық жұмыстарды жасау мен өртке қарсы кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстырды. 

— Өткізілген сабақтардың негізгі мақсаты: институттың жеке құрамының өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін құру болып табылады. Осы сабақтар барысында алған білімін әскери қызметшілер күнделікті тыныс тіршілікте қолданады, — деп әскери институт бастығының жауынгерлік даярлық және дене шынықтыру  жөніндегі орынбасары полковник Дархан Есболов атап өтті.