Жауынгерлік дайындық апталығының іс-шаралары хабарландыру жүйесінің тиімділігін тексеруге, штабтар жұмысының үйлесімділігін арттыруға және жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру кезіндегі іс-қимылдардағы жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Саптық оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару қабілеті тексерілді. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеттілігі мен үйлесімділігіне баға берілді.