Алматы облысы Карасай ауданы Елтай округі, номер 2 Жармухамет орта мектебінде Карасай ауданының жоғарғы сынып оқушыларымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер әскери институтының ақпаратты-түсіндіру тобы әскери жоғары оқу орынына түсу үшін үміткерлерді іріктеу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Институттың тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі басқармасы идеологиялық және әскери-патриоттық бөлімінің офицері майор Мұрат Құлшаев пен институт курсанттары жоғарғы сынып оқушыларына офицерлер дайындайтын білім ордасы және институттың курсанттарының тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді, оқушыларды әскери институтқа оқуға түсу қағидаларымен таныстырды. Сонымен қатар оқушылардың назарына институт жайлы фильм көрсетілді.
Кездесу Қарасай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Айта кетсек, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының тарихы 1970 жылы құрылған И.С.Конев атындағы Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесінен бастау алады.
2020 жылдың 11 қыркүйектегі Үкімет қаулысымен Құрлық әскерлері әскери институтына Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың аты берілді.
Институттың бас міндеті құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесе даярлайтын оқу орныдардың тізбесіне еңгізілген. Бүгінде инститтутта Тәжікістан, Қырғызстан елдерінің курсанттары кәсіби білім алуда.
Қазақстан армиясы үшін сардарларды даярлайтын негізгі білім ордасына айналған осынау оқу орны әрдайым алдыңғы шепте.